Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Баптау бөліміне өтіңіз. Егер үштен көп сату орныңыз болса, «Қоймалардың бәрі» деп басып, қажеттісін таңдаңыз. «Қала аумағында жеткізу» бөлімінде «Kaspi.kz қабылдау орындарының мекенжайлары» сілтемесін басыңыз.
Оларды картадан да қарауға болады. Жұмыс кестесі, осы орыннан жіберуге болатын тапсырыстардың өлшемі мен салмағы туралы толық ақпарат алу үшін белгіленген қызыл нүктені басыңыз.
Салмағы 20 кг-дан, ұзындығы 70 см-ден асатын тауарлар немесе «Дөңгелектер» санатындағы тауарлар бар тапсырыстарды тек көлемі мен салмағына шектеу қойылмаған қабылдау орындарында ғана өткізуге болады.
Назар аударыңыз: сізге Kaspi.kz қабылдау пунктінен сатып алушылар қайтарған немесе бас тартқан тапсырыстарды алып кету қажет. Сонда сіз осы орынға Kaspi Жеткізу арқылы тауарларды тапсыра аласыз.
Жаңартылды 05.03.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Kaspi Жеткізу