Kaspi.kz-тегі Магазинде Қазақстан бойынша Kaspi Жеткізуді қалай қосады?
Жаңартылды
08.10.2024
Егер сіз тауарларды қала бойынша беру үшін осы сервисті пайдалансаңыз, Қазақстан бойынша Kaspi Жеткізу автоматты түрде қосылады. Оның көмегімен тізімде жоқ тауарларды жіберуге болады.
Жеткізуді өз бетінше қосудың бірнеше тәсілі бар:
Kaspi Pay мобильді қосымшасында
Магазин на Kaspi.kz → Настройки арқылы өтіп, қойманы таңдаңыз, одан соң Қазақстан бойынша Kaspi Жеткізуді қосыңыз.
Kaspi.kz-тегі сатушы кабинетінің веб-нұсқасында
Kaspi Жеткізу бөліміне өтіңіз. Талаптарымен танысып, «Подключиться» деп басыңыз және қойма туралы ақпаратты қосыңыз:
«Добавить склад» деп басыңыз;
тізімнен қаланы таңдаңыз;
мекенжайды енгізіп, оны картадан көрсетіңіз;
қажет болса, қосымша ақпарат енгізіңіз; Мысалы, қабатты немесе үй-жайдың нөмірін көрсетіңі.
тапсырыстарды Kaspi.kz-тің қабылдау пунктіне апара алатын күндерді таңдаңыз;
курьер байланыса алатын қызметкердің аты мен телефон нөмірін көрсетіңіз;
«Сохранить» деп басыңыз.
Өзгерістер екі сағаттың ішінде қолданыла бастайды.
Назар аударыңыз: Егер картадағы тізімде қалаңыз жоқ болса, Kaspi Жеткізу сіз үшін қолжетімді емес. Тапсырыстарды қала бойынша өзіңіз жібере аласыз.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
Жауап пайдалы болды ма?