Kaspi Доставканы қоса аласыз. Мұны бірнеше тәсілмен жасауға болады:
Kaspi Pay қосымшасындаKaspi.kz-тегі Магазин → Баптаулар бөліміне өтіп, қойманы таңдаңыз. Одан кейін Жеткізу → Қала ішінде жеткізу → Жеткізу тәсілі → Kaspi Доставка тармағын ашыңыз.
Содан соң тапсырыстарды Kaspi.kz қабылдау пункттеріне апаратын күндерді таңдап, «Сақтау» түймесін басыңыз.
Сатушы кабинетінің веб-нұсқасындаАлдымен Басқа → Баптаулар → Менің жеткізуім бөлімінде өз жеткізуіңізді өшіріңіз.
Содан кейін Басқа → Баптаулар → Kaspi Доставка бөліміне өтіңіз. Шарттармен танысып, «Қосу» түймесін басыңыз да, қойма туралы ақпаратты енгізіңіз:
• «Қойма қосу» түймесін басыңыз;
• тізімнен қаланы таңдаңыз;
• мекенжайды енгізіп, картадан белгілеңіз;
• қажет болса, қосымша ақпаратты көрсетіңіз;
Мысалы, қабатын немесе бөлме нөмірін.
• тапсырыстарды Kaspi.kz қабылдау пункттеріне апара алатын күндерді таңдаңыз;
• курьер хабарласа алатын қызметкердің аты-жөні мен телефон нөмірін көрсетіңіз;
• «Сақтау» түймесін басыңыз.
Жаңартылды 01.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Kaspi Жеткізу