• Оның бірнеше себеб болуы мүмкін:

     

    • Қосымшада немесе телефонның баптауларында Push-хабарландыру өшірулі.

     

    Клиент Kaspi.kz мобильді қосымшасында авторизациядан өтіп, «Баптауға» өтуі және осы опцияны қосуы керек.

     

    • Интернетке қосылмаған.

     

    Сатып алушыдан Wi-Fi немесе мобильді интернетті тексеруін өтініңіз.
    Қосылғаннан кейін жаңа хабарламалар Kaspi.kz мобильді қосымшасына келе бастайды.

     

    • Өнім бойынша Push-хабарландыру өшірулі.

     

    Клиент Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашуы керек. Егер, «Kaspi.kz-тегі Магазин» өнімі атауының жанында сызылған динамиктің суреті болса, онда ол бойынша қалқымалы хабарландырулар өшірілген. Оларды қосу үшін iOS-та бөлімнің бойымен оңнан солға қарай жылжыту керек, Android-та бөлімді басып, ұстап тұру керек. Содан кейін қоңырау белгішесін таңдау керек.

     

    Осыдан кейін тапсырысты аяқтау үшін код сатып алушыға келуі тиіс. Одан Kaspi.kz мобильді қосымшасында хабарламаны тексеруін өтініңіз.

    Жаңартылды 06.11.2023
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?