Қазақстан қалалары бойынша тапсырыстарыңызды жеткізу бойынша барлық міндеттемелерді Kaspi Жеткізу өз мойнына алады.
Бұл тиімді, себебі Kaspi Жеткізу сервисі үздік курьерлік қызметтермен бірлесіп жұмыс істейді және олардың жұмыс сапасын бақылайды. Сервис тауарларды Kaspi.kz-тің қабылдау пунктіне өткізгеннен кейін бірден және тапсырыс Kaspi Postomat-қа түскен немесе сатып алушы оны алған сәтке дейін олар үшін жауапкершілік алады.
Қайтарылған жағдайда сатушы тауарды жөнелту үшін төлем жасамайды. Kaspi Жеткізудің арқасында сатушылар бүкіл Қазақстанға сату географиясын кеңейтеді, ал сатып алушылар өз тапсырыстарын барынша жылдам алады.