• Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    Сатып алушының мекенжайы Express-жеткізудің қамту аймағынан тыс

    Ол тапсырысты ресімдеген кезде клиент көрсеткен мекенжайдан бастап есептеледі.

    Осының арқасында сатып алушылар өз тауарларын қысқа мерзімде: 60 минуттан 4 сағатқа дейін алады.

     

    Санат сәйкес келмейді

    Express-жеткізуге тізімдегі санаттарға жататындардан басқа кез келген тауарды беруге болады.

     

    Сіз қоймада тауардың бар екенін көрсетпедіңіз

    Мұны жасаудың екі тәсілі бар:

     

     
    Kaspi Pay мобильді қосымшасында 

    Kaspi.kz-тегі Магазин → Тауарлар → Сатылымда деп өтіңіз. Тізімде ұсынылғандардан қажет позицияны таңдаңыз. «Бағасы мен қалғанын өзгерту» деп басыңыз. Әр қоймадағы тауар санын көрсетіп, өзгерістерді сақтаңыз.

     

     
    Kaspi.kz-тегі cатушы кабинетінің веб-нұсқасында

    1. Тауардың бір карточкасын өзгерту.

    Тауарларды басқару → Тауарлардың барлығы деп өтіңіз. Тізімде ұсынылғандардың ішінен  қажет позицияны таңдаңыз. «Бағасы мен қалғанын өзгерту» деп басыңыз. Әр қоймадағы тауардың санын көрсетіп, өзгерістерді сақтаңыз.

     

    2. Тауар туралы жаңартылған ақпарат  бар прайс-парақты жүктеу.

    Осылайша бірден бірнеше карточканы редакциялауға болады.

     

    Тауарлар → Прайс-параққосу бөліміне өтіңіз. Файлды жүктеп, толтырыңыз. Әр қоймадағы тауар санын көрсетіп, прайс-парақты «Қолдан салу» терезесіне көшіріңіз.

     

    Тауарды алдын ала тапсырысқа қойдыңыз

    Мұндай позициялар үшін Express-жеткізу қолжетімсіз.

     

    Назар аударыңыз: клиент Express- жеткізу арқылы тауарға сіздің кестеңіз бойынша тек жұмыс күндері  тапсырыс бере алады. Жұмыс режимін өзгерту үшін Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Баптау → Жеткізу тәсілдері → Қала аумағында жеткізу деп өтіп, қажетті күндерді таңдаңыз.

    Жаңартылды 09.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?