• Сіз шағым бере аласыз. Мұны тапсырысты курьерге тапсыру жоспарланған күннен бастап 10 күннің ішінде жасаңыз.

     

    Оң шешім қабылданған жағдайда, ақша Kaspi Pay шотына түседі. Сізге мобильді қосымшаға бұл туралы хабарлама келеді.

     

    Өтемақы мөлшері

    Тауардың зақымдану дәрежесі

    10%

    тауарлық түрі сақталған, бірақ фирмалық қаптамасы зақымдалған немесе жоқ

    30%

    қабырғаларының бірінде жарықша, сызат бар, майысқан, жарылған, қажалған, бірақ корпусының бұрыштары деформацияланбаған, тауарлық түрі сақталған

     

    қашықтан басқару пульті немесе аксессуарлары жоғалған

    100%

    барлық қабырғасында жарықша, сызат бар, майысқан, жарылған, қажалған, корпусының бұрыштары деформацияланған, тауарлық түрі жойылған

     

    тауардың негізгі элементтері жоқ


    Мынандай кейбір жағдайларда шағым қабылданбауы мүмкін:

     

    • сөредегі тауар жіберілген;
    • тауар температура режимінің бұзылуына байланысты бүлінген;
    • ішкі зақымдану тасымалдауға байланысты емес;
    • Kaspi Pay менеджері Сізден қосымша ақпарат сұраған, бірақ сіз оны 5 күннің ішінде берген жоқсыз;
    • сіз бұрын зақымданғаны үшін өтемақы алған тауарды жеткізуге жөнелткенсіз.


    Өз тарапыңыздан міндеттемелердің орындалғанын растау үшін тауарды орап, оны курьерге беріп жатқаныңызды бейнежазбаға түсіріп алыңыз.

     

    Шешімді 5 күннің ішінде даулауға болады. 

    Шағым беру үшін үлгіні толтырыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Жаңартылды 17.12.2024
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?