• Kaspi Pay қосымшасындағы  Kaspi.kz-тегі Магазин сервисінде → Тапсырыстар → Expess бөлімінде сатып алуды қай уақытқа дейін беруіңіз керек екені көрсетілген. Уақыт автоматты түрде есептеледі.

     

    Тауарды дайындап, жүкқұжаттарды жасаңыз. Содан кейін тапсырыс мәліметтерінен курьердің қашан келетінін көресіз. Курьерден қосымшадағы тапсырыс нөмірін нақтылап алып, қажетті тауарды беріңіз.

     

    Міндеттемелерді орындағаныңызды растау үшін тауарды қалай орап, курьерге бергеніңізді видеоға түсіріп алыңыз.

     

    Тапсырыс сатып алушы көрсеткен мекенжайға жеткізіледі. Егер клиент сатып алудан бас тартса, курьер бас тартуды рәсімдеп, тапсырысты сату нүктесіне қайтарады. Бұл жағдайда жеткізу үшін төлем алынбайды.

    Жаңартылды 30.03.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?