Kaspi Жеткізу
Express-жеткізудің жұмысы қарапайым:
- сатып алушы Kaspi Магазинде тапсырысты ресімдейді және Express-жеткізуді таңдайды;
- сатушы бұл туралы хабарлама алады және 1 сағаттың ішінде тауарды қаптап, жүкқұжаттарды тіркейді;
- курьер тапсырысты алып кетеді де, Kaspi.kz қосымшасында көрсетілген уақытқа қарай оны сатып алушыға жеткізеді.
Құны бағасы мен салмағына байланысты. Егер сатып алушы бірнеше тауарға тапсырыс берсе және олар әртүрлі қоймада болса, әрқайсысын Express-жеткізу ақылы болады.
Ақша Kaspi Pay шотынан күніне 1 рет жалпы сомамен алынып отырады.
Назар аударыңыз: клиент Express-жеткізу арқылы тауарға сіздің кестеңіз бойынша тек жұмыс күндері тапсырыс бере алады. Жұмыс режимін өзгерту үшін Kaspi Pay қосымшасында Kaspi.kz-тегі Магазин → Баптау → Жеткізу тәсілдері → Қала аумағында жеткізу деп өтіп, қажет күндерді таңдаңыз.
Жаңартылды 05.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?