Оның бірнеше себебі болуы мүмкін:
- Сізде немесе Сіздің компанияңызда Kaspi-де мерзімі өткізілген берешек бар.
Берешек өтелгеннен кейін келесі күні қайтадан өтінім беріп
көріңіз.
- Сіз Қазақстан Республикасының резиденті емессіз.
Бизнес Кредитті тек резидент ала алады.
- Сіз 21 жасқа толған жоқсыз.
Бұл кредит ресімдеу үшін ең кіші жас.
- Шоттарыңызға шектеулер қойылған.
Kaspi Pay қосымшасында «Жеке Банк» сервисінде шотыңызға қойылған шектеулер: себебі, күні, сомасы, толығырақ білу немесе шектеуді алып тастау үшін қайда жүгінуге болатыны туралы, ақпарат алуға болады.
- Сіз «Басқарушы» немесе «Бухгалтер» рөліндегі қызметкерсіз.
Бизнес Кредитті тек компанияның басшысына қолжетімді.
- Сіз Kaspi Pay-мен, ақы қабылдамайсыз.
Соңғы жарты жылда Kaspi QR-мен немесе Kaspi.kz-тегі Магазинде сатылымдарыңыз болу керек.
Әр нақты жағдайда шешім жеке қабылданады және ол кредит тарихының сапасына және төлемқабілеттілігіңізге байланысты болады.