Сертификаттар
  • Сіз тауарды қайтаруды ресімдегеннен кейін ақша бірден түседі. Kaspi POS-та мұны екі тәсілмен жасай аласыз:

     

    «Қайтару» бөліміне өтіңіз.

    • Сатып алушыдан QR-кодты сканерлеуін өтініңіз;
    • Сатып алған затты, содан кейін «Қайтаруды ресімдеу» деп таңдаңыз.  
    • Егер клиент бірнеше тауардың ақысын төлесе, қажетті позияцияны көрсетіп, «Қайтару» деп басыңыз.
    • Әрекетті растаңыз.

     

    «Тарих» бөліміне өтіңіз.

    • Сомасы мен сатып алушының аты бойынша іздеуді немесе «Kaspi QR» сүзгісін пайдаланыңыз; 
    • Сатып алған затты, содан кейін «Қайтаруды ресімдеу» деп таңдаңыз.
    • Егер клиент бірнеше тауардың ақысын төлесе, қажетті позицияны көрсетіңіз.
    • Соманы енгізіп, «Қайтару» деп басыңыз.

     

    Назар аударыңыз: сіз толық қайтаруды ресімдегенде, науқаныңыз әлі аяқталмаған кезде — сатып алушы сертификатты қайтадан пайдалана алады.

    Жаңартылды 23.10.2025

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?