Сертификаттар
  • Сертификаттар – Kaspi Pay қосымшасындағы сервис, оның көмегімен серіктестер өз дүкендеріндегі сатылымды арттыру үшін Kaspi.kz-тің клиенттеріне 20 000 теңгеге дейінгі сомада сыйлық сертификатын жібере алады.  

    Сервис компанияның басшысына, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Маркетинг менеджері» рөліндегі қызметкерге қолжетімді.

     

    Сіз сертификаттарды өзіңіз басқарасыз: сомасын, мөлшерін және қолданылу мерзімін таңдайсыз. Жаппай жіберу үшін аймақты көрсетуге, сонымен қатар жаңа клиенттерді тарту немесе қазіргі клиенттерді ұстап қалу сияқты мақсатты баптауға болады. Кампанияның нәтижелері Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисінде қолжетімді болады.

     

    Сертификаттың сомасы мен комиссия тауарларыңызды сатып алған кезде төлемнен шегеріледі:

    • Kaspi Gold — барлық сатып алулар сомасынан 3,03%;.
    • Kaspi Red+, Kaspi Kredit, Бөліп төлеу — Kaspi Pay-дегі санатыңыздың комиссиясы ғана.

     

     Бұл туралы толық ақпарат әрдайым Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы көшірмеде қолжетімді.

     

    Сервиске қосылу үшін Kaspi Pay-дің серіктесі мына өлшемшарттарға сәйкес келуі керек:

     

    Сату орны болуы керек

    Клиенттер сертификатты тек  дүкеніңізде жұмсай алады. 

     

    Kaspi Pay-де мына санаттар болуы керек:

    • Киім және аяқкиім;
    • Зергерлік әшекейлер мен бижутерия;
    • Үйге қажет тауарлар;
    • Балалар тауарлары;
    • Аксессуарлар;
    • Спорттық тауарлар;
    • Косметика мен парфюмерия.

     

     Соңғы 3 айдың әрқайсысында сатылымның ең аз сомасы 8 000 000 теңгеден жоғары болу керек.

     

    Kaspi POS пен касса біріктірілген болу керек

     

    Сондай-ақ қосылу үшін үлгіні толтыру керек. Брендтің атауын, соңғы 3 айдағы айналымды, ТАӘ және кері байланыс үшін телефон нөмірін көрсетіңіз.

     

    Өтінімді жіберіңіз. Kaspi Pay менеджері сізге 3 жұмыс күні ішінде хабарласып, нәтижесін айтады.

     

    1 айдан кейін қайта қосылуға болады.

    Жаңартылды 05.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?