Қарапайым ұсыныстарды орындаңыз:
Кампанияны кемінде 7 күнге қосыңыз
Осы кезең ішінде жарнама алгоритмдері тауарды тиімді өткізу үшін оқытудан өтеді. Кампанияны тоқтатпаңыз, сонда ол жоғары нәтиже көрсетеді, ал тауарларыңызды барынша көп клиенттер көреді.
Жарнама бағасы жоғары тауарларды өткізіңіз
Жарнама бағасының көмегімен қандай тауардың жиі сатып алынатынын білуге болады. Сатылымыңыздың көлемін арттыру үшін, көрсеткіші 7 және одан да жоғары позицияларды өткізіңіз. Бағаны тауарды жарнамаға қосатын кезде немесе талдауды қараған кезде Kaspi Pay қосымшасынан көруге болады: Маркетинг → Сыртқы жарнама.
Оңтайлы бюджетті көрсетіңіз
Бұл сіз бір күнде жарнамаға жұмсауға дайын сома. Ол неғұрлым көп болса, сатып алушылар жарнамаңызды соғұрлым жиі көреді. Бұл клиенттердің тауар карточкасына басып, оны сатып алу мүмкіндігін арттырады. Егер бюджет таусылып қалса, тауар жарнамасы келесі күнге дейін тоқтатылады.
Жарнаманың нәтижесін күн сайын бақылап отырыңыз
Барлық жарнама науқаныңыз бойынша статистика қолжетімді. Оның көмегімен тауардың күйін тексере аласыз, бюджетті қадағалап, оны өткізу тиімділігін, мысалы, тапсырысқа конверсиялау бойынша бағалай аласыз.
Конверсия = Тапсырыстар саны/Тауар карточкасына өту саны.
Сыртқы жарнама арқылы сату санын көбейту үшін өнімнің сапасын және сатушының рейтингін қадағалап отырыңыз, сондай-ақ тапсырыстарды уақытында жеткізіңіз.
Жаңартылды 13.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Сыртқы жарнама