Брендтер үшін жарнама
  • Брендтің иесі немесе ресми өкіл «Маркетинг» сервисіне тіркелу үшін үлгіні толтыруы керек.

     

    2 күннің ішінде сізге Kaspi Pay менеджері хабарласып, қабылданған шешім туралы айтады. Оң шешім қабылданған кезде, сіз жарнама кампаниясын бастай аласыз.

     

    Ол үшін Брендтерге жарнамаЖарнама кампаниясын жасау қосымша бетіне өтіңіз.

     

    Кампанияның параметрлерін көрсетіңіз:

     

    Атауы

    Оны тек сіз көресіз.

     

    Кезең

    Жарнаманың басталатын және аяқталатын күндері. Оны шектеусіз мерзімге іске қосуға болады, ол үшін «Дата окончания» жолында «Я сам остановлю кампанию» деп таңдаңыз.

     

    Таңдалған тауарлар

    Брендіңіздің баннеріне басқаннан кейін көрсетіледі.

    Сатылым көбірек болуы үшін конверсия бағасы жоғары тауарларды таңдаңыз. Бұл көрсеткіш тауарларды іріктемеге қосқан кезде көрсетіледі.

     

    Жарнамалық баннер

    Ол сатып алушыларға мобильді қосымшаның, Kaspi.kz-тегі Магазиннің басты бетінде және әр сәтті төлемнен кейін көрсетіледі.

     

    Мақсат

    Конверсия және сату — баннер әлеуетті сатып алушыларға көрсетіледі.

    Қамту және танылу — жарнама Kaspi.kz мобильді қосымшасында барлығына көрсетіледі.

     

    Жарнаманы кім көреді 

    Мақсатты аудиторияны таңдауға болады: сатып алушының қаласы, жасы, жынысы және балаларының болуы.

     

    Көрсету жиілігі

    Сатып алушы баннерді бір күнде немесе бір аптада қанша рет көреді.

     

    Мөлшерлеме

    Баннерді 1 000 рет көрсету үшін баға кемінде — 500 теңге.

     

    Бюджет

    Сіз бір күнде жарнамаға жұмсауға дайын сома. Ақы баннерді көрсеткені үшін алынады.

     

    Содан кейін «Жіберу» деп басыңыз.

     

    Компаниянңыз 1 күн бойы тексеріледі. Оның нәтижесі туралы хабарлама Kaspi Pay қосымшасына келеді. 

    Жаңартылды 11.08.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?