«Тауарға бонус» — бұл Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисіндегі құрал. Оның көмегімен сатылымды арттыру: жаңа тауарды тиімді өткізу және қалған тауарды сатып жіберу үшін Kaspi Бонус берілетін науқандарды іске қоса аласыз.
Сервис компанияның басшысына, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Маркетинг менеджері» рөліндегі қызметкерге қолжетімді.
Сіз науқандарыңызды өзіңіз басқарасыз: тауарларды қосып, мерзімін көрсетесіз. Бонустың мөлшерін бірнеше тәсілмен белгілеуге болады:
• Ұсынылған үш нұсқаның бірін таңдай аласыз
Бұл қаралымды 2 еседен астам арттырады, ал ұсыныс тауар карточкасындағы үздік үш сатушыға түседі.
• 5%–60% аралығында өзіңіз енгізе аласыз
Кез келген сәтте баптауды өзгертуге немесе кампанияны тоқтатуға болады. Олардың әрқайсысы бойынша нәтиже Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисінде қолжетімді болады.
Жаңартылды 27.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Тауарға бонус