Kaspi.kz-тегі Магазиннің барлық серіктестері сатушы беретін бонуспен науқанды іске қоса алады. Мына шарттарды сақтау қажет:
- тауар сатылымда 14 күн бойы тұр және оның құны тек 3%-ға немесе одан аз өзгерді;
- науқан бір күннен артық уақытқа созылды.
Сервис компанияның басшысына, сондай-ақ «Маркетинг менеджері» немесе «Басқарушы» рөлі бар қызметкерлерге қолжетімді.
Сатушы беретін бонуспен науқанға мына санаттар қатыспайды:
- дәрі-дәрмектер мен ББҚ;
- сүт қоспалары;
- портсигарлар;
- темекіні қыздыру жүйесі;
- энергетикалық сусындар;
- алкоголь.
Назар аударыңыз: тізім өзгеруі мүмкін.