Қарапайым ұсыныстарды орындаңыз:
Қалған тауарды немесе жаңа тауарды таңдаңыз
Сатушы беретін бонус арқылы сізден сирек сатып алатын тауарларды немесе жаңа позицияларды өткізуге болады.
Қалаларды немесе өңірлерді баптаңыз
Барынша көп қамту үшін барлық қалаларды көрсетіңіз. Белгілі бір қалада сатылымды арттыру үшін мақсатты өңірде кампанияны бастаңыз.
Таңдаған қаладағы қоймаңызда тауар болса немесе Kaspi Жеткізумен тауарды жіберуге болатын болса ғана, клиенттерге науқан көрінеді.
Науқанның нәтижесін күнделікті қадағалаңыз
Жеке кабинетте науқандарыңыз бойынша статистика бар. Оның көмегімен сатылым мөлшерін тексеріп, сатып алушыларға қанша бонус төленгенін қадағалай аласыз.
Сіз бонус беретін тауарларды жиі сатып алу үшін өнімнің сапасын және сатушының рейтингін қадағап отырыңыз, сондай-ақ тапсырысты уақытында жеткізіңіз.