«Сатушы беретін бонус» — бұл Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы сервис, оның көмегімен Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктестері тауарларына көтеріңкі Kaspi Бонус беретін науқандарды іске қоса алады және сатылымды арттыра алады.
Сатушылар беретін бонуспен науқандар жаңа тауарды тиімді өткізуге және қалған тауарды тезірек сатып жіберуге мүмкіндік береді.
Сервис компанияның басшысына, сондай-ақ «Басқарушы» немесе «Маркетинг менеджері» рөлі бар қызметкерге қолжетімді.
Сіз науқандарыңызды өзіңіз басқарасыз: бонустың мөлшерін және мерзімін белгілейсіз. Баптауды кез келген сәтте өзгертуге немесе тоқтатуға болады. Тауар үшін бонустың мөлшері Kaspi Pay шотынан әр сатылымнан автоматты түрде алынады. Бұл туралы толық ақпарат әрдайым Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы көшірмеде қолжетімді.
Әр кампания бойынша нәтиже сізге Kaspi Pay-дегі «Маркетинг» сервисінде қолжетімді болады.
Сатушы беретін бонуспен науқандарға мына санаттар қатыспайды:
- дәрі-дәрмектер мен ББҚ;
- сүт қоспалары;
- портсигарлар;
- темекіні қыздыру жүйесі;
- энергетикалық сусындар;
- алкоголь.
Назар аударыңыз: тізім өзгеруі мүмкін.