Мұны басшы, басқарушы және маркетинг менеджері жасай алады.
Маркетинг сервисіне → Сатушы беретін бонус деп өтіңіз. Мыналарды таңдаңыз:
- тауар;
- науқан басталған күн мен аяқталатын күн;
ең аз мерзімі – 1 күн
- тауарды өткізгіңіз келетін қалалар немесе өңірлер;
- клиенттер үшін бонус мөлшері.
5 - 60% аралығында
Содан кейін «Науқан бастау» деп басыңыз. Науқан автоматты түрде іске қосылады.
Нәтижесін мобильді қосымшадағы жеке кабинетте және «Маркетинг» сервисінің веб-нұсқасында бақылауға болады.
Сатушы беретін бонуспен науқанды қалай іске қосуға болатыны туралы бейнематериалды көруді ұсынамыз: