Kaspi Pay / Серіктестер үшін Kaspi Гид / Маркетинг / Тауар жарнамасы Тауар жарнамасы
  • Бірнеше себебі болуы мүмкін:

     

    • сипаттамада 6 фотосуреттен аз немесе олардың сапасы төмен;
      Қара-ақ, бұлыңғыр, ұқыпсыз кесілген, жарық түскен, күңгірт немесе түсі шамадан тыс қаныққан суреттер.
       
    • маусымдық тауар және қазір өзекті емес;
      Мысалы, желдеткіштерді жазда, ал жылытқыштарды қыста немесе күзде жиі сатып алады.

     

    • жеткізу бойынша бәсекеге қабілетсіз баға немесе шарттар;
      Егер бағасы бәсекелестерге қарағанда жоғары болса немесе нашар жеткізілсе, тауарды сирек сатып алады. 

     

    • тауардың рейтингі 4 жұлдыздан төмен.

     

    Бағалауды көтеру үшін мына ұсыныстарды орындаңыз:

     

    • сатушы беретін бонуспен науқанды іске қосыңыз;
      Бонус берілген тауарды карточкасына өткеннен кейін жиі сатып алады.

     

    • сапасы жақсы фотосуреттерді жүктеңіз;
      Тауар нысанаға алынып, әр қырынан түсірілген. Суреттер күндіз немесе жарықтандырылған студияда түсірілген.
       
    • толық сипаттаманы қосыңыз; 

     

    • тауардың бәсекеге қабілетті құнын белгілеңіз;толық сипаттаманы қосыңыз;
      Егер бағасы басқа сатушыларға қарағанда жоғары болса, тауарды сирек сатып алады. 

     

    • күнбе-күн жеткізуге тапсырыстарды қабылдау уақытын ұзартыңыз;
      тек өз жеткізуі қосылған серіктестер үшін қолжетімді.

     

    • сатып алушылардың пікірлерін оқып, сервисті жақсартуға тырысыңыз.
       

    Назар аударыңыз: Жарнамалық бағалауы төмен тауарлардың санаттағы сатып алу саны 2,5 есе төмен.

    Жаңартылды 21.02.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?