Тауар жарнамасы
  • Қарапайым ұсыныстарды орындаңыз:

     

    Кампанияны кемінде 1 айға қосыңыз.

    Осы кезең ішінде жарнама алгоритмдері тауарды тиімді өткізу үшін оқытудан өтеді. Кампанияны тоқтатпаңыз, сонда ол жоғары нәтиже көрсетеді, ал тауарларыңызды барынша көп клиенттер көреді.

     

    Жарнама бағасы жоғары тауарларды өткізіңіз

    Жарнама бағасының көмегімен қандай тауардың жиі сатып алынатынын білуге болады. Сатылымыңыздың көлемін арттыру үшін, көрсеткіші 7 және одан да жоғары позицияларды өткізіңіз. Бағаны тауарды жарнамаға қосатын кезде немесе талдауды қараған кезде Kaspi Pay мобильді қосымшасынан көруге болады: Маркетинг → Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарларды жарнамалау.

     

    Тауардың оңтайлы санын таңдаңыз

    Барлық қалаған позицияны жарнамалау үшін бюджетіңіз жеткілікті болуы керек. Ұсынылатын саны – 5-тен 20-ға дейін, егер тауар азырақ болса, оны басу мүмкіндігі де азаяды. Позициялар саны көп болса, кампанияның күнделікті бюджеті жылдамырақ таусылып қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда ол келесі күнге дейін тоқтатылады.  

     

    Бір рет басу үшін тиімді мөлшерлемені белгілеңіз

    Жарнамаңыз басты беттегі бірінші орындарда болуы үшін тауар санатына өткен кезде негізгі сөз бойынша іздеу нәтижесінде және «Сізді қызықтыруы мүмкін» топтамасында басу үшін мөлшерлемені орташадан жоғары белгілеңіз. Жарнама кампаниясы іске қосылғанда оның құнын көресіз. Мөлшерлемені кез келген уақытта түзете аласыз.

     

    Қалаларды немесе аймақтарды баптаңыз

    Барынша көп қамту үшін барлық қалаларды көрсетіңіз. Белгілі бір қалада сатылымды арттыру үшін мақсатты аймаққа науқан бастаңыз.

    Таңдаған қаладағы қоймаңызда тауар болса немесе Kaspi Жеткізумен тауарды жіберуге болатын болса ғана, клиенттерге жарнама көрінеді

     

    Оңтайлы бюджетті көрсетіңіз

    Бұл сіз бір күнде жарнамаға жұмсауға дайын сома. Ол неғұрлым көп болса, сатып алушылар жарнамаңызды соғұрлым жиі көреді. Бұл клиенттердің тауар карточкасына басып, оны сатып алу мүмкіндігін арттырады. Егер бюджет таусылып қалса, тауар жарнамасы келесі күнге дейін тоқтатылады. Бұл туралы Kaspi Pay мобильді қосымшасына хабарлама келеді.

     

    Жарнаманың нәтижесін күн сайын бақылап отырыңыз

    Барлық жарнама науқаныңыз бойынша статистика қолжетімді. Оның көмегімен тауардың күйін тексере аласыз, бюджетті қадағалап, оны өткізу тиімділігін, мысалы, тапсырысқа конверсиялау бойынша бағалай аласыз.

     

    Конверсия = Тапсырыстар саны/Тауар карточкасына өту саны.

     

    Kaspi.kz-тегі Магазинде жарнама арқылы сату санын көбейту үшін өнімнің сапасын және сатушының рейтингін қадағалап отырыңыз, сондай-ақ тапсырыстарды уақытында жеткізіңіз.

    Жаңартылды 31.10.2025

    Қолданушылардың 50% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?