• Жарнаманы іске қосу үшін тауарларыңыздың бағасы ең төмен немесе одан ең көбі 3% немесе 3 000 теңгеге жоғары болуы керек. Оған Алматы қ. бойынша жеткізу қосылмайды. Бұл жағдайда жүйе тауардың құнын сол қаладағы сатушылардың арасында салыстырады.

     

    Мысалы, тауардың ең төмен құны – 10 000 теңге. Сіздің бағаңыз 10 300 теңгеден аспауға тиіс.

     

    Мына санаттардағы тауарларды жарнамалауға болмайды:

    • дәрі-дәрмек, дәрумендер мен ББҚ;
    • алкоголь, энергетикалық сусындар;
    • қыздыру жүйелері мен оларға арналған сұйықтықтар (электрондық темекі, вейп);
    • емшек сүтін алмастырғыштар;
    • су астында аң аулауға арналған қару;
    • қару салатын тапанша қап;
    • портсигарлар.

     

    Тізім өзгеруі мүмкін.

     

    Назар аударыңыз: бірнеше сатушы бір тауарға жарнаманы іске қоса алады. Ол кезде тауар карточкасында қазіргі уақытта басу бағасы жоғары сатушы көрсетіледі.

    Жаңартылды 02.11.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?