Kaspi Pay / Серіктестер үшін Kaspi Гид / Маркетинг / Бөліп төлеу науқандары Бөліп төлеу науқандары
  • Бөліп төлеу науқандары – Kaspi Pay мобильді қосымшасындағы сервис, оның көмегімен Kaspi Kredit серіктестері  6, 12 немесе 24 айға бөліп төлеу науқандарына қатыса алады.

     

    Науқан кезінде серіктестердің сату көлемі 3 еседен артық өседі.

     

    Бөліп төлеу науқандарына мына өлшемшарттарға сәйкес келетін Kaspi Pay-дің барлық серіктестері қатыса алады:

     

    Kaspi Kredit-ке қосылған.

    Мұны тек компанияның басшысы жасай алады. Мобильді қосымшада Kaspi Pay бөліміне өтіп, «Kaspi Kredit қосу» деп басыңыз да, экрандағы кейінгі әрекетті орындаңыз.

     

    Маңызды: Kaspi Kredit-ке қосылу үшін Kaspi Pay-мен соңғы 2 айдың ішінде кемінде 20 күн сату керек. Бұл бизнестің жұмыс істеп тұрғанын және сенімді екенін тексеру үшін қажет.

     

    Шартты және жұмыс істеу ережесін бұзбайды.

    Жұмыс істеу ережесі бұзылған кезде ынтымақтастықты толық тоқтатуға дейін шектеу шаралары қолданылады.

     

    Бөліп төлеу науқанына басшы, басқарушы және маркетинг менеджері қосылыла алады.

     

    Ол үшін Kaspi Pay мобильді қосымшасының басты бетінде Маркетинг сервисін →Науқандар деп ашыңыз.  

     

    Қосылу тәсілін таңдаңыз:

     

    Қолмен

    Қызықтырған науқанның шарттарымен танысып, «Қосылу» деп басыңыз.

     

    Автоматты түрде

    «Автоматты түрде қосылу» деп басыңыз, сонда барлық 0-0-12 науқандарына қатысасыз

     

    Сервис мына санаттар үшін қолжетімсіз:

    • Ұшақ және т/ж билеті;
    • АЖҚС;
    • Кинотеатрлар мен театрлар.

     

    Назар аударыңыз: тізім өзгеруі мүмкін.

    Жаңартылды 02.07.2025
    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.
    Жауап пайдалы болды ма?