Жалпы сұрақтар
«Маркетинг» сервисінде сатылымды арттыру үшін келесі құралдар қолжетімді:
- Kaspi.kz-тегі Магазиннің күнтізбелік науқандары — сатылымды 2 еседен астам арттыра отырып, тауар санатына немесе бүкіл ассортиментіне жоспарланған Kaspi науқандары.
- Тауарларды жарнамалау — Kaspi.kz-тегі Магазинде тауарға жарнама кампанияларын іске қосуға және іздеу немесе тауар санаттары беттерінде оларды алдыңғы қатарға көтеруге мүмкіндік беретін сервис.
- Брендтерге арналған жарнама — Kaspi.kz-тегі Магазиннің клиенттері арасында сауда маркасының танымалдылығын арттыруға мүмкіндік беретін құрал.
- Kaspi QR-мен науқандар - 6, 12 немесе 24 айға бөліп төлеу. Науқан кезінде сатылым 3 еседен де көп өседі.
- Сатушы беретін бонус — бұл сервис, оның көмегімен Kaspi.kz-тегі Магазиннің серіктестері тауарларына көтеріңкі Kaspi Бонус беретін науқандарды іске қоса, жаңа тауарды тиімді өткізуге және қалған тауарды тезірек сатып жіберуге алады.
- Сертификаттар – серіктестер Kaspi.kz-тің клиенттеріне 20 000 теңгеге дейінгі сомада сыйлық сертификатын жіберетін құрал.
- Сыртқы жарнама — Instagram, Facebook, Google мен TikTok-та жарнаманы іске қосуға арналған сервис.
Жаңартылды 31.10.2025Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?