Сервистер
Жоқ. Сіз Kaspi Gold-тан тек Visa, Mastercard, «Элкарт», Uzcard және Humo төлем жүйелерінің карталарына халықаралық аударым жасай аласыз.
Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында «Аударым» → Халықаралық аударымдар сервисіне өтіңіз.
Карта нөмірін, алушының аты мен тегін енгізіңіз. Соманы қажетті валютада: доллар, еуро, фунт стерлинг, сом немесе сум деп көрсетіп, аударымды растаңыз.
Есептеу жүргізілетін айырбастау бағамы осы бетте көрсетіледі.
Аударым үшін комиссия соманың 0,95%-ын құрайды. Кемінде — 200 теңге.
Ақша аударғаннан кейін келесі жолы алушының картасының нөмірі мен деректерін енгізіп отырмау үшін, «Таңдаулыға сақтау» белгісін қоюыңызға болады.
Жаңартылды 17.02.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?