• Валютадағы ақша аударымының түсу уақыты жөнелтуші банктің талаптарына байланысты және 3 жұмыс күніне дейін созылуы мүмкін.

     

    Баламасы 10 000 АҚШ долларына дейінгі сомаға жасалған SWIFT-аударымдар Kaspi.kz-тегі шотыңызға автоматты түрде түседі. Бұл туралы хабарлама сізге Kaspi.kz қосымшасына келеді.

     

    Баламасы 10 000 АҚШ долларынан астам сомаға SWIFT-аударымды алу үшін оны күнтізбелік 180 күн ішінде растау қажет.

     

    Ол үшін Kaspi.kz қосымшасында хабарламаны ашып, «Аударымды растау» деп басыңыз. Содан кейін оның мақсатын көрсетіп, қажетті құжаттарды тіркеңіз.

     

    Содан кейін SWIFT-аударым тексеруден өтеді. Оған 1 жұмыс күні кетеді. Шешімі көрсетілген хабарлама сізге Kaspi.kz қосымшасына келеді.

     

    Назар аударыңыз:

     

    • күдікті операциялар болған жағдайда, Kaspi.kz аударым сомасына қарамастан растайтын құжаттарды сұрата алады;

       

    • SWIFT-аударымды күнтізбелік 180 күн ішінде растау қажет. Егер сіз үлгермесеңіз, ақша автоматты түрде жіберушіге қайтарылады. Бұл туралы хабарлама сізге Kaspi.kz қосымшасына келеді.
    Жаңартылды 17.02.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?