Бұл ақшаны кімнің Kaspi Gold-ына аударатыныңызға байланысты. Екі нұсқасы бар:
Өзінің Kaspi Gold-ына
Kaspi.kz қосымшасында «Аударым» сервисіне өтіңіз → Шоттарымның арасында. Теңгедегі есептен шығару шотын және есепке жазу шотын — Kaspi Gold-ты таңдаңыз. Соманы енгізіп, «Аудару» деп басыңыз.
ЖК-да Kaspi.kz пен Kaspi Pay қосымшаларында ЖСН сәйкес келуі керек.Осыдан кейін «Таңдаулыға сақтау» белгісін қоюыңызға болады.
Назар аударыңыз: Kaspi Gold жеке тұлғалардың жеке мақсаттарына арналған және кәсіпкерлік қызметке арналмаған.Басқа адамның Kaspi Gold-ына
Кез келген Kaspi Gold-қа деректемелер бойынша Kaspi Pay мобильді қосымшасында ақша аударуға болады.
ҚР Салық кодексіне сай, егер ол алушының табысы болса, Kaspi Pay шотынан басқа адамның (ЖК емес) Kaspi Gold-ына ақша аударғаны үшін салық салынады. Мысалы, компанияңызға көрсетілген қызмет үшін. Мұндай жағдайда соманың 10% мөлшерінде ЖТС мен әлеуметтік төлемдер төлеу қажет.
Қандай сома және қай мерзім үшін төлеуіңіз керектігін білу үшін бухгалтерге немесе МКК-ға хабарласуыңыз керек.
Егер басқа адамның жеке шотына ақша аудару оның немесе сіздің кәсіпкерлік қызметіңізбен байланысты болмаса, ақшаны өзіңіздің Kaspi Gold-ыңыздан жіберіңіз. Сонда, ақша аударымы туралы ақпаратты салық есебіне қосудың қажеті болмайды.Жаңартылды 08.08.2024Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Сервистер