Сервистер
Иә. Kaspi.kz қосымшасында Өзбекстанның Uzcard және Humo төлем жүйелерінің карталарына ақша аудара аласыз.
Ол үшін:
- Аударым → Халықаралық аударымдар сервисін ашыңыз;
- алушының картасының 16 таңбалы нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен теруге немесе «Алушының картасының нөмірі» жолындағы белгіні басып, картадан сканерлеуге болады;
- соманы теңгемен не соммен енгізіңіз. Есептелетін айырбастау бағамы осы бетте көрсетіледі.
Аударым үшін комиссия соманың 0,95% -ын құрайды. Ең аз комиссия — 200 теңге.
Жаңартылды 04.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?