Kaspi.kz
/
Клиенттер үшін Kaspi Гид
/
Аударым
/
Сервистер
/
Халықаралық аударымдар
Сервистер
- Жаңартылды 20.03.2025
Иә. Kaspi.kz қосымшасында Қырғызстанның «Элкарт» төлем жүйесінің карталарына ақша аудара аласыз.
Ол үшін:
- Аударым → Халықаралық аударымдар сервисін ашыңыз;
- алушының телефон нөмірін немесе картасының 16 таңбалы нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен теруге немесе «Алушының картасының нөмірі» жолындағы белгіні басып, сканерлеуге болады;
- соманы теңгемен не соммен енгізіңіз. Есептелетін айырбастау бағамы осы бетте көрсетіледі.
Аударым үшін комиссия соманың 0,95%-ын құрайды. Ең аз комиссия — 200 теңге.
Сіз телефон нөмірі бойынша ақша аударатын адам «Элкарт.Мобайл» қосымшасында тіркелуі керек.
Visa және Mastercard төлем жүйелерінің карталарына тек картаның нөмірі бойынша ақша аударуға болады.
Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді.Жауап пайдалы болды ма?