Жоқ. Kaspi.kz мобильді қосымшасында Kaspi Gold-ты шетелдік банк картасынан толықтыру мүмкін емес.
Сіз ақшаны Kaspi Gold-қа шетелдік банктің сайты немесе қосымшасы (егер осындай операциялар қолдаса) арқылы аудара аласыз.
Бірнеше тәсілі бар:
- Kaspi Gold нөмірі бойынша.
Ақша аударуға арналған деректемелерді Kaspi.kz мобильді қосымшасынан көре аласыз: Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақпарат → Карта мен шоттың реквизиттері.
- телефон нөмірі бойынша.
Алушы Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Телефон нөмірі бойынша Visa-дан толықтыру» сервисін қосуы керек: Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақпарат → Visa-дан толықтыру.
Шарттарына назар аударыңыз: комиссияны, мерзімді, сома бойынша шектеулерді жөнелтуші банк белгілейді.
Kaspi.kz Kaspi Gold-ты толықтырғаны үшін ешқандай комиссия алмайды.