Сервистер
Kaspi.kz қосымшасында әлемнің кез келген банкінің картасына ақша аудара аласыз.
Ақшаны Kaspi Gold-тан Visa, Mastercard, UnionPay, «Элкарт», Uzcard және Humo төлем жүйелерінің карталарына аударуға болады.
Ол үшін:
- Аударым сервисіне → Халықаралық аударымдар деп өтіңіз;
- алушының картасының нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен теруге немесе
басып, картадан сканерлеуге болады;
- Visa, MasterCard және UnionPay карталарына, ақша аударған кезде алушының аты мен тегін жеке басын куәландыратын құжатында жазылғандай латын әріптерімен енгізіңіз. «Элкарт», Uzcard және Humo карталары үшін алушының аты автоматты түрде көрсетіледі;
- ақша сомасын керекті валютамен көрсетіңіз. Есептелетін айырбастау бағамы осы бетте көрсетіледі.
Ақша аударғаны үшін комиссия соманың 0,95 %-ын құрайды.
Ең аз комиссия — 200 теңге.
Ақша аударғаннан кейін келесі жолы алушының картасының нөмірі мен деректерін енгізіп отырмау үшін «Таңдаулыға сақтау» белгісін қоюыңызға болады.
Назар аударыңыз:
- Қытайға UnionPay-ге ақша аударған кезде аударымның мақсатын таңдау керек;
- кейбір елдер мен өңірлерге аударым жасау мүмкін емес. Бұл Visa және Mastercard халықаралық төлем жүйелерінің шектеулеріне байланысты.
Жаңартылды 13.07.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?