Ақша аударатын картаның нөмірін, жарамдылық мерзімін көрсету керек.
Аударымды растау үшін интернеттегі операциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін біржолғы код —3D Secure Code-ті енгізу керек. Ол картаны шығарған банктен хабарлама арқылы келеді. Егер келмесе, жіберуші банкке хабарласыңыз.
Аударым жасағаннан кейін келер жолы картаның нөмірі мен жарамдылық мерзімін енгізіп жатпау үшін «Таңдаулыға сақтау» белгісін қоюға болады.