Аударым
  • Жоқ. Сіз Kaspi.kz қосымшасындағы «Аударым» сервисінің көмегімен Ресейде шығарылған карталардан басқа, Visa және MasterCard төлем жүйелерінің карталарына ақша аудара аласыз.

     

    Ол үшін «Қайдан» жолында Kaspi Gold-ыңызды таңдаңыз. «Қайда» жолында «Басқа банк картасын» таңдап, карта нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен енгізуге немесе енгізу жолындағы белгішені басып, картадан сканерлеуге болады. Соманы көрсетіп, экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.

     

    Сондай-ақ «Элкарт» картасына алушының телефон нөмірі арқылы ақша аударуға болады. Ол үшін «Телефон нөмірі бойынша Visa-дан толықтыру» сервисін қосудың қажеті жоқ.

     

    Ақша аудару үшін комиссия соманың 0,95%-ын құрайды. Ең төменгі комиссия – 200 теңге.

    Жаңартылды 14.01.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?