Иә. Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында телефон нөмірі бойынша Қырғызстанға «Элкарт» төлем жүйесінің карталарына, ақша аудара аласыз.
Ол үшін:
- Аударым → Халықаралық аударымдар сервисіне өтіңіз;
- алушының телефон нөмірін немесе картасының 16 таңбалы нөмірін көрсетіңіз. Нөмірді қолмен теруге не байланысатын адамдардың тізімінен таңдауға болады;
- соманы теңгемен не соммен енгізіңіз. Есептелетін айырбастау бағамы осы бетте көрсетіледі.
Аударым үшін комиссия соманың 0,95%-ын құрайды. Ең аз комиссия — 200 теңге.
Сіз, ақша аударатын адам «Элкарт. Мобайл» қосымшасында тіркелуі керек.
Visa және Mastercard төлем жүйелерінің карталарына картаның нөмірі бойынша ғана, ақша аударуға болады.