Иә. Kaspi Gold картасынан Ресейде шығарылған карталардан басқа, дүниежүзінің кез келген банкінің Visa және MasterCard картасына, ақша аудара аласыз.
Kaspi Gold, ақшасы алушы картасының негізгі валютасына ауыстырылып аударылады.
Айырбастау Kaspi бағамы бойынша жасалады. Айырбастау бағамы таңдалған валютаға байланысты болады: доллар, евро, фунт стерлинг немесе рубль; ақша аударар алдында көрінеді.
Карта валютасы аударым валютасынан басқа болса, алушы банкі жағынан тағы бір айырбастау жүргізіледі.
Мысал:
Сіз Қытайғақша аудармақ болып, аударым валютасы ретінде долларды таңдадыңыз.
Біз соманы Kaspi бағамы бойынша айырбастаймыз. Содан кейін алушы банк ол соманы юаньға ауыстырады.
Назар аударыңыз: алушы банк айырбастау үшін комиссия ұстауы мүмкін.
Kaspi.kz-те айырбастау үшін ешқашан комиссия алынбайды.