Аударым
Kaspi.kz қосымшасында әлемнің кез келген банкінің картасына ақша аудара аласыз.
Ақшаны Kaspi Gold-тан Visa және MasterCard, «Элкарт», Uzcard и Humo төлем жүйелерінің карталарына аударуға болады.
Ол үшін:
- Аударым → Халықаралық аударымдар сервисін ашыңыз;
- алушының картасының 16 таңбалы нөмірін көрсетіңіз. Оны қолмен теруге немесе «Алушының картасының нөмірі» жолындағы белгіні басып, картадан сканерлеуге болады.
- Visa және MasterCard карталарына, ақша аударған кезде алушының аты мен тегін жеке басын куәландыратын құжатында жазылғандай латын әріптерімен енгізіңіз. «Элкарт», Uzcard және Humo үшін алушының аты автоматты түрде көрсетіледі.
- ақша сомасын қажетті валютада көрсетіңіз: доллар, еуро, фунт стерлинг немесе сома. Есептелетін айырбастау бағамы осы бетте көрсетіледі.
Аударым үшін комиссия соманың 0,95% -ын құрайды.
Ең аз комиссия — 200 теңге
Ақша аударғаннан кейін келесі жолы алушының картасының нөмірі мен деректерін енгізіп отырмау үшін «Таңдаулыға сақтау» белгісін қоюыңызға болады.
Назар аударыңыз: кейбір елдер мен өңірлерге ақша аудару мүмкін емес. Бұл Visa және Masterсard халықаралық төлем жүйелеріне қойылған шектеуге байланысты.
Жаңартылды 05.01.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?