Соңғы айдағы Kaspi Gold-қа жіберілген кез келген аударымның күшін жоюға сұрату жіберу үшін Аударым → Тарих деп өтіңіз, қажетті түбіртекті таңдап, «Күшін жоюды сұрау» деп басыңыз. Kaspi.kz клиентіне ақшаны қайтаруды өтінген хабарлама келеді. Ол ақшаны 7 күннің ішінде қайтара алады.
Балаға арналған Kaspi Gold-қа жасалған аударымның күшін жоюға өтінімді тек Kaspi.kz-тің бөлімшесінде ғана беруге болады
Назар аударыңыз:
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңы бойынша аударымды алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.
Егер алушы сізге ақшаны қайтармаса, талап арызбен сотқа жүгіне аласыз. Біз алушының деректерін тек ресми сұрату бойынша бере аламыз.