Ақшаны басқа клиенттің Kaspi Gold картасына AppStore, Google Play мен AppGallery-де қолжетімді Kaspi.kz мобильді қосымшаcындағы «Аударым» сервисі арқылы аудара аласыз.
«Аударым» сервисінде «Kaspi клиентіне» бөлімін, сосын «Телефон нөмірі арқылы» қосымша бетін таңдаңыз.
Алушының телефон нөмірін көрсетіңіз. Нөмірді қолмен теруге не байланысатын адамдардың тізімінен таңдауға болады.
Қаласаңыз, алушыға аударымның мақсаты туралы қысқаша хабарлама жаза аласыз.
Сосын сомасын көрсетіп, экранда жазылған әрекеттерді орындаңыз.
Аударым жасалғаннан кейін келесі жолы мекенжай кітапшасынан телефонды іздеп отырмау үшін «Таңдаулыға сақтау» деген белгі қоя аласыз.
Назар аударыңыз:
- телефон нөмірі банктің алушыны сәйкестендіруі үшін керек. Аударым Kaspi Gold-тан Kaspi Gold-қа жасалады.
- Аударымды тек расталған ұялы телефон нөміріне, яғни карта ресімдеген кезде алушы көрсеткен нөмірге ғана жасауға болады.