Қазақстанның кез келген банкінің картасынан Kaspi Gold-қа бірнеше тәсілмен ақша аударуға болады.
1. Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы «Аударым» сервисінің көмегімен:
«Басқа банктің картасы» қосымша бетіне өтіңіз. «Қайдан» жолына «Кез келген банктің картасын» таңдап, картаның нөмірі мен оның қолданылу мерзімін көрсетіңіз. Оны қолмен енгізуге немесе енгізу жолындағы белгішені басып, картадан сканерлеуге болады. «Қайда» жолында автоматты түрде Kaspi Gold-ыңыз шығады. Соманы көрсетіңіз және экрандағы келесі қадамдарды орындаңыз.
2. Кез келген банктің немесе сервистің картадан картаға ақша аударуды қолдайтын сайтында немесе мобильді қосымшасында:
- Kaspi Gold нөмірі бойынша.
Ақша аударуға арналған деректемелерді Kaspi.kz мобильді қосымшасынан көре аласыз: Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақпарат → Карта мен шоттың реквизиттері.
- телефон нөмірі бойынша.
Алушы Kaspi.kz мобильді қосымшасында «Телефон нөмірі бойынша Visa-дан толықтыру» сервисін қосуы керек: Жеке Банк → Kaspi Gold → Ақпарат → Visa-дан толықтыру.