Иә. Kaspi Gold картаңызды кез келген валютадағы Kaspi Депозитіңізден банк бөлімшесіне бармай-ақ, Kaspi.kz-тің өзінде толықтырсаңыз болады.
Картаңызды теңге депозитінен толықтыру үшін «Жеке Банк» бөлімінде «Депозиттер», «Аударымдар» дегенді таңдаңыз. «Қайдан» деген өрісте теңге депозитті, «Қайда» деген өрісте Kaspi Gold картасын көрсетіңіз.
Сомасын көрсетіп «Аудару» дегенді басыңыз. Содан кейін депозит аштырғанда көрсеткен телефон нөміріңізге SMS-код келеді. Аударымды растау үшін соны жазыңыз.
Депозиттен Kaspi Gold картасына кез келген уақытта, ақша аудара берсеңіз болады.