Сіз:
- Kaspi.kz-те Kaspi Депозиттен;
- Kaspi Pay шотынан, егер сіз ЖК ретінде тіркелген болсаңыз;
- Kaspi Терминалдар мен Kaspi Банкоматтар арқылы;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасындаKaspi.kz мобильді қосымшасында Қазақстанның кез келген банкінің картасынан аудару арқылы;
- электрондық төлем сервистері, мысалы, Webmoney немесе Qiwi Kazakhstan арқылы;
- кез келген банктің немесе картадан картаға аударуға болатын сервистің сайтында немесе мобильді қосымшасында;
- басқа банктің кассасы арқылы аударып, Kaspi Gold-қа ақша сала аласыз.
Банкаралық аударым кезіндегі шарттарды: комиссияны, мерзімді, сомаға қойылатын шектеуді жіберуші банк не сервис белгілейді.
Kaspi Терминалда және Kaspi Банкоматтарда ЖСН арқылы, ақша салған кезде сомаға шектеу қойылады — күніне 500 000 теңге. Егер карта арқылы терминалда авторизациядан өтсеңіз, шектеу болмайды.
Kaspi Gold-қа ақша салғаны үшін Kaspi.kz комиссия алмайды.