Иә. Депозиттен Kaspi Gold-қа аударымды растау үшін роуминг қосулы болу керек.
Қауіпсіздік мақсатында Kaspi.kz Депозитті ашу кезінде өзіңіз көрсеткен ұялы телефон нөміріне SMS-код жібереді. Аударымды растау үшін сол кодты енгізу қажет болады.
Назар аударыңыз: егер телефон роумингте болмаса, SMS келмейді және ақша аударылмайды. Роуминг тарифтері және Сізде осы қызметтің қосылғаны жайлы ұялы байланыс операторыңыздан біліп, тексере аласыз.