Жөнелтуші сертификатты қайтарғысы келіп, сізге сұрату жіберді. Ол 7 күнге жарамды.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңы бойынша сертификатты алушының келісімімен ғана қайтаруға болады.
Мұны мына тәсілдердің бірі арқылы қайтара аласыз:
• «Хабарлама» сервисінде жөнелтушінің сұратуы көрсетілген хабарламаны ашып, «Сертификатты қайтарып беру» деп басыңыз.
• «Хабарлама» сервисіне → Сертификаттар деп өтіңіз. Қажеттісін басып, оны ұстап тұрыңыз. Содан кейін «Сертификатты қайтарып беру» деп таңдаңыз.
Егер сертификатты қайтарғыңыз келмесе, сұратуға жауап бермесеңіз де болады.
Назар аударыңыз: сіз сертификатты ашқаннан кейін 30 күннің ішінде одан бас тарта аласыз. Егер одан көп уақыт өтсе, Kaspi Гидпен чатқа жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.
Жаңартылды 03.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Алушы