Иә. Kaspi.kz қосымшасын ашыңыз: Kaspi.kz-тегі Магазин → Тапсырыстарым. Қажетті тапсырысты таңдап, «Тапсырыс мәліметтері» деп басыңыз.
Жіберу күні мен уақытын жоспарлап қойсаңыз және сертификат алушыға әлі жеткізілмеген болса, «Сертификат жіберуді тоқтату» деп басыңыз.
Егер бірден жіберіп қойсаңыз — «Сертификатты тоқтатуды сұрау». Алушыға сертификатты қайтару туралы хабаралма келеді. Ол оны 7 күн ішінде қайтара алады.
Қаражат бір сағат ішінде төлеу тәсіліне қарай Kaspi Gold-қа, Kaspi Red+немесе бонус ретінде түседі. Сертификат кредитке сатып алынған жағдайда, комиссиясыз және айыппұлсыз кредиттің күші жойылады.
Назар аударыңыз: «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» ҚР заңы бойынша тек алушының келісімімен қайтаруға болады.
Алушы сізге сертификатты қайтармаса, сіз талап арызбен сотқа жүгіне аласыз. Біз сотқа алушының деректерін тек ресми сұрату бойынша ұсына аламыз.
Жаңартылды 03.06.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Сый беруші