Kaspi.kz мобильді қосымшасында Жеке Банк → Депозит → Аударым деп өтіңіз.
«Қайдан» жолына Kaspi Депозитті, «Қайда» жолына - Kaspi Gold-ты таңдаңыз. Соманы көрсетіп, «Аудару» батырмасын басыңыз және экрандағы әрекеттерді жасаңыз.
Өз шоттарыңыздың арасындағы аударымдар Kaspi.kz мобильді қосымшасында 24/7 бойы қолжетімді және әрдайым комиссиясыз.
Назар аударыңыз: Kaspi Gold-қа аударған кезде бірінші кезекте Kaspi Депозитке бұрын түскен және шотта көп уақыт жатқан ақша пайдаланылады.