Ақшаны Қазақстанның кез келген банкінің картасынан Kaspi Gold картасына AppStore, Google Play мен AppGallery-де қолжетімді Kaspi.kz мобильді қосымшаcында «Аударым» сервисі арқылы аудара аласыз.
- «Басқа банктің картасы» қосымша бетіне өтіңіз.
- «Қайдан» жолында «Кез келген банктің картасы» деп таңдап, басқа банктің картасының 16 таңбалы нөмірін, оның қолданылу мерзімін және CVV2-кодын көрсетіңіз. Картаның нөмірін қолмен теруге не енгізу жолындағы белгіні басып, картадан сканерлеуге болады.
- «Қайда» жолында автоматты түрде Kaspi Gold картаңыз шығады.
- Сомасын көрсетіп, экранда жазылған әрекеттерді орындаңыз.
Басқа банктің картасы 3D Secure технологиясымен жұмыс істеуі керек. Әйтпесе аударым жасау мүмкін емес. 3D Secure қосу үшін картаны шығарған банкке хабарласу керек.
Аударым жасалғаннан кейін келесі жолы картаның нөмірі мен қолданылу мерзімін енгізіп отырмау үшін «Таңдаулыға сақтау» деген белгі қоя аласыз. Қауіпсіздік үшін CVC2/CVV2 әрдайым, тіпті қайталап енгізген кезде де бөлек көрсетіп отыру керек.
Назар аударыңыз: Kaspi Gold-қа аударым жасалғаны үшін Kaspi комиссия алмайды. Бірақ басқа картаны шығарған банк аударымды жібергені үшін комиссия алуы мүмкін.