• Бірнеше себебі болуы мүмкін:
     

    Қосымшада немесе телефон баптауында Push-хабарламалар өшірілген
    Kaspi.kz қосымшасында авторизациядан өтіп, «Баптауға» кіріңіз де, бұл опцияны қосыңыз.

    Интернет-қосылыс жоқ
    Wi-Fi-ды немесе интернетті тексеріңіз, қосылғаннан кейін жаңа хабарламалар қосымшада келеді.

    Өнім бойынша Push-хабарламалар өшірілген
    Kaspi.kz қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашыңыз. Егер өнім атауының қасында сызылған динамиктің суреті болса, ол бойынша қалқымалы хабарламалар өшірілген.

    Оларды қосу үшін iOS-та оның атауының бойынан оңнан солға қарай жүргізіңіз, Android-та оған басыңыз да, ұстап тұрыңыз. Сосын қоңырау белгісін басыңыз.

    Мына жағдайларда Push-хабарламалар шықпайды:

    • бонус есептеу;
    • Kaspi QR-мен төлеу;
    • Kaspi.kz-тегі «Төлемдер» сервисінде қызмет ақысын төлеу;
    • Kaspi.kz қосымшасында кредит немесе Kaspi Red шотын төлеу;
    • Kaspi.kz-тегі Магазинде тапсырыс ақысын төлеу;
    • өз шоттарының арасында және Kaspi клиентіне ақша аудару.


    Хабарлама бар-жоғын тексеру үшін Kaspi.kz қосымшасында «Хабарлама» сервисін ашыңыз.
     

    Егер бірде-бір себебі расталмаса, Kaspi.kz қосымшасында Kaspi Гид-пен Чатқа  жазыңыз. Біз көмектесуге тырысамыз.

    Жаңартылды 03.04.2026

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді

    Жауап пайдалы болды ма?