Kaspi Pay-де салық есебін тек оңайлатылған режимдегі ЖК тапсыра алады.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында Салық сервисіне → Салық есебі өтіңіз:
1. ЖК-нің орналасқан жері мен тұрғылықты жері бойынша салық органын таңдаңыз.
2. Бизнесіңіздің басқа банктердегі қолма-қол, ақшасыз және қолма-қол, ақшамен жартыжылдық кірісін көрсетіңіз.
Kaspi-мен түскен кіріс автоматты түрде есептеледі.
3. ЖК үшін төленген салық сомасын енгізіңіз. Егер сіз әлеуметтік мәртебеңіз (зейнеткер, мүгедек, көп балалы ана және т.б.) бойынша аударымдарды төлеуден босатылсаңыз, жеңілдікті қолданыңыз.
4. Жұмыскерлердің жалақысын көрсетіңіз және еңбек шартының түрін таңдаңыз.
Салық сомасы автоматты түрде есептеледі.
Егер сізде қызметкердің өтініші болса, жеке табыс салығын төмендету үшін стандартты салық шегерімін қолданыңыз. Егер жұмыскер әлеуметтік мәртебесі (зейнеткер, мүгедек, көп балалы ана және т.б.) бойынша салық төлеуен босатылса, жеңілдікті таңдаңыз.
5. «Есепті МКБ-ға жолдау» деп басып, Kaspi электрондық қолтаңбасы арқылы құжатқа қол қойыңыз. Мұны тек компанияның басшысы ғана жасай алады. Егер Сізде «Управляющий» немесе «Бухгалтер» рөлі болса, жасалған есепті басшыға жіберіңіз.
Kaspi Pay мобильді қосымшасында салық есебін қалай тапсыратыны жайлы бейнематериалды көруді ұсынамыз: