Kaspi.kz / Kaspi Pay / Kaspi Гид / Салық / Құқықтық мәселелер / Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар

Құқықтық мәселелер

  • 1. Мен өзімді-өзім жұмыспен қамтыған адаммын. Менің Kaspi.kz мобильді қосымшасындағы ақша аударымым туралы ақпарат салық органына беріле ме?

    Жаңартылды 09.01.2024

    Заңнамаға сай 2026 жылы Kaspi.kz салық органының сұратуы бойынша қатарынан 3 айдың ішінде әртүрлі адамдардан Kaspi Gold-қа айына 100-ден астам аударым алатын жеке тұлғалардың тізімін беруге міндетті. Деректер 2025 жыл үшін беріледі.

     

    Мысал: Сіз қаңтар, ақпан және наурыз айларында Kaspi Gold-қа айына 100-ден астам ақша аударымын алдыңыз. Kaspi.kz бұл туралы салық органына хабарлайды.

     

    2023 жылы мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларына қатысты 2022 жыл қорытындысы бойынша ақпарат беру басталды.

     

    2024 жылы тізімге 2023 жылы ақша аударымдарын қабылдаған мемлекеттік мекемелердің, квазимемлекеттік сектордың жұмыскерлері мен олардың жұбайларын қосады.

     

    2025 жылы – жеке кәсіпкерлерді, компания басшыларын, құрылтайшылары мен акционерлерін, сондай-ақ оларда үлесі бар адамдарды және олардың жұбайларын қосады. Тексеру 2024 жыл үшін жүргізіледі.

     

    Егер тауарларыңыз немесе қызметтеріңіз үшін төлемді Kaspi Gold-қа қабылдасаңыз, ЖК-ні тіркеп, бұл сомаларды кәсіпкерлік шотқа, мысалы, Kaspi Pay-ге алып, салық есебінде оларды кіріс ретінде көрсеткеніңіз жөн. Kaspi Pay-де сондай-ақ фискалдық чектерді беру үшін Kaspi Кассаны тегін қоса аласыз.

    Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді. Сізге жауап пайдалы болды ма?