Бұл тауардың түріне байланысты:
- ірі габаритті тауар — сатушы өзі алып кетеді;
Егер тауардың салмағы 20 кг-нан асса немесе бір жағы 70 см-ден үлкен болса.
- басқа тауарлар — клиент оны сатушының қоймасына апарады.
Мекенжай сатып алушының Kaspi.kz қосымшасындағы қайтарым өтінімінде көрсетіледі. Серіктес оны Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушы кабинетінде : Баптаулар → Қоймалар мен дүкендер бөлімінде қоса алады.
Егер сату орныболмаса, тауарды клиенттен өзіңіз алып кетуіңіз керек.
Қайтару күнін немесе уақытын келісу үшін сатып алушымен хабарласыңыз. Ол үшін Kaspi.kz-тегі Магазиннің сатушы кабинетінде «Қайтарымдар» бөліміне өтіңіз. Қажетті өтінімді таңдап, «Тапсырыс мәліметтері» бөлімін ашыңыз. Kaspi.kz қосымшасында сатып алушыға телефон соғу үшін
батырмасын басып, әрекетті растаңыз. Сондай-ақ оған
бөлімінде де хабарлама жазуға болады.Жаңартылды 15.05.2026Қолданушылардың 100% жауапты пайдалы деді
Жауап пайдалы болды ма?
Қайтару